Онкологиялық науқастар арасында 168 адам вирус жұқтырған

30 Шілде 2020, 15:10
1070
Бөлісу:
Онкологиялық науқастар арасында 168 адам вирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онкологиялық науқастар арасында 168 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова онлайн тікелей эфир барысында айтты. 

Қазақстан бойынша онкологиялық науқастардың 168-і вирус жұқтырды. Өкінішке қарай, 14 науқас коронавирустан көз жұмды. Бұл ақпарат тексерілді. Науқастар ПТР-дің теріс анықтамасымен келсе де, емдеу барысында инфекция пневмония түрінде шығып, расталып жатты. Қазақстан бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлері де ауру жұқтырды, - деді ол. 

Қайдарова вирустың кантагиозды екенін айтты. 

Барлық гигиена шараларын сақтауға шақырамыз. Кейде науқастар "мен үйде отырып, ауырып қалдым" деп жатады. Демек, далаға дүкенге шығып та вирус жұқтыруға болады. Сондықтан маска тағып, даладан кейін қолды жуып тұрған абзал, - деді ол. 

Айта кетейк, 15 маусымда онкологиялық науқастар арасында вирусты жұқтырғандар саны 8-ді құраған еді.

Өзгелердің жаңалығы