Бұл мәселе бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста Қазақстанның әр өңірі бойынша аппарат басшылары қатысып, сайлауға дайындық жұмыстарын пысықтады.
Астанада қазіргі таңда 19 805 адам, оның 5 504-і тұрақты тіркелген орындары бойынша дауыс береді, - деді Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Есет Байкен.
Сондай-ақ сайлауға дайындық барысы туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы да мәлімдеме жасады.
Алматы қаласында қазіргі таңда 1 млн 200 адам дауыс берушілер тізімі жасалды. 1315 нөмірінен тұратын колл-центр құрылды, - деді Асан Болатұлы.
Оңтүстікте сайлаушылар тізімі толықтырылып, учаскелерге тапсырылды деді аппарат басшысы.
Шымкент қаласы бойынша 3727 адам енгізілді. Қала бойынша 634 833 азамат енгізіліп, учаскілер комиссияларына тізім электронды және қағаз түрінде тапсырылды. Сонымен қатар телеграм жүйесі қосылды, - деді Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ғабит Мәуленқұлов.
Келесі сөзді Абай облысы әкімі аппаратының басшысы алды.
Сайлау заңына сәйкес тұрғын орындарына сәйкес мемлекеттік база құрылды. Базаға 990 000 адам енгізіліп, тіркелген орындары бойынша 417 000 адам енгізілді. Сондай-ақ 439 учаске бойынша тізім ұсынылды. Көмек көрсету қызметі бойынша Абай облысының сайтында жеке ИИН енгізу арқылы қай учаскеде тұрғанын анықтай алады, - деді Жасұлан Бірлікұлы.
Ақмола облысы да сайлауға сақадай сай.
Ақмола облысында сайлауға дайындық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Сайлаушылар саны - 537 031 адам. Қазіргі таңда 4400 байланыс өтінім алынды, - деді Азамат Есімұлы.
Ақтөбе облысы бойынша да сайлауға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысы бойынша 5525 сайлаушылар тізіміне енгізілді. Сайлаушылар 502 учаскесі бойынша сайлаушылар дауыс бере алады, - деді Қайрат Нұрболатұлы.
Келесі сөзді Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Марат Абуов алды.
Атырау облысы бойынша тұрғылықты мекенжайлары бойынша тізім жасақталды. 12 956 азамат енгізілді. Сонымен қатар өзге өңірге кеткен облыс тұрғындары сайлаушылар тізімінен шығарылды, - деді Марат Абуов.
Ал, Жамбыл облысы бойынша сайлауға дайындықты пысықтауда.
Жамбыл облысындағы сайлаушылар саны - 716 610 адам. Арнайы құрылған 11 колл-орталықтары жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр, - деді Мәди Мәтен.
Сайлау науқанына дайындық жұмыстары туралы Қарағанда облысы әкімі аппаратының басшысы да есеп берді.
Қарағанды облысы бойынша 761 471 адам бойынша тізім құрылды. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау комиссияларына акт ұсынылды. Азаматтардың өздерінің тізімде бар жоғын тексеру үшін арнайы сайттар көрсетілді, - деді Даулат Азатұлы.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байменов есеп берді.
Қызылорда облысы бойынша сайлаушылар саны 482 934 адам.18 учаскіде заңнамада бекітілген талаптар бойынша тексерілетін болады. Сондай-ақ телеграм бот, сайттар жұмыс істеп жатыр, - деді ол.
Басқа өңірлер де сайлау учаскелерінің дайындығы туралы есеп беріп, дайындық барысынан хабар берді. Бүгінгі таңда өңір тұрғындарымен тығыз жұмыс атқарылып жатырғандығын айтты.