Өңірлердегі жемқорлықпен күресудің картасы әзірленді

8 Шілде 2022, 11:20
1136
Бөлісу:
Өңірлердегі жемқорлықпен күресудің картасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор басшысы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында өңірлердегі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Бұл - процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге, шенеуніктердің асықпауына немесе озбырлығына, заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердің тізбесі. Салдарынан осы негізде жемқорлық схемалары мен қолданыстағы нормалармен, ережелермен бүркемеленген мәселелерді заңсыз шешу мүмкіндіктері пайда болады,- деді ол агенттіктің алқа отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, аталған тәуекелдер картасы нақты өңірдегі аумақтық органдардың жұмысына бағдар болмақ. 

Бұл карта қызмет жұмысының сапасын бағалау жүйесінің негізі болады. Бірнеше жолмен бағалау жоспарланған. Біріншісі - ішкі бағалау. Бұл – қабылданған шаралардың тереңдігі мен толықтығы. Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсібилігі мен пайдалы жүктемеге баға беріледі. Екіншісі - қоғамдық бақылау. Ол арқылы өңірдегі нақты басшы қызметінің сыбайлас жемқорлықты жоюға және «проблемалық» аймақтарды жоюға әсері бақыланады. Мұнда бағалау құралы халық, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың сауалнамасы болады. Біз алдын ала анықталған тәуекелдер туралы өңір әкімі мен бейінді министрлікті хабардар етеміз және объектіні сапалы және уақтылы салуға және пайдалануға беруге қол жеткіземіз. Бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілер мен мердігерлер, жасалған әрекеттің ауырлығына байланысты тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық тәртіппен жазаланады, - деді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы