Өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды - Тоғжанов

19 Қаңтар 2021, 11:06
1153
Бөлісу:
Өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды - Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің онлайн отырысында айтты.

Коронавирус инфекциясының таралуының өсуі барлық өңірде тіркеліп отыр. Сондықтан Атырау облысы айтқандай, өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды. Әсіресе, Павлодар облысына, Ақмола облысына, Қостанай облысына, СҚО-ға тікелей байланысты. Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларға қарай карантиндік шектеу шараларын күшейту қажет деп санаймыз. Біріншіден, «қызыл аймаққа» енген өңірлер әкімдеріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша карантиндік шараларды қамтамасыз етуді. Екіншіден, «сары аймақтағы» өңірлерге эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шектеулерді күшейту бойынша нақты ұсыныстарды енгізуді және оған дайындықты пысықтауды. Үшіншіден, барлық өңірге инфекцияны жұқтырған және оларға байланысты болған тұлғаларды оқшаулар шараларын тиімділігін арттыруды. Сонымен қатар, 1 ақпанға дейін медициналық ұйымдардың вакцинация кезеңіне дайындығын қатаң бақылауға алуды сұраймыз, - деді ол Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, премьер-министрінің орынбасары вакцинация мәселесіне де тоқталды.

Оның ішінде вакцинацияны болжау деңгейі бірінші жарты жылдықта 2 млн адамға дейін жоспарлаймыз. Екінші жарты жылдыққа 3,4 млн адамға дейін жоспарға негізіп отырмыз. Оның ішінде ақпан айында 100 мың адам, наурыз айында 150 мың адам, сәуір айында 600 мың адам, мамыр айында 600 мың адам, тамыз айында 600 мың адам. Сонымен жылдың аяғына дейін тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейін 600 мың адамды жоспарлаймыз. Оны жұмыс барысында нақтылауға тура келеді. Сондықтан оны бірге қарастыратын боламыз, - деп түсіндірді Тоғжанов.

Ол Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік штаб жұмысын күшейтуді сұрады.

Оның ішіндегі «қызыл аймақтағы» өңірлерде эпиджағдай штаб отырыстарында күн сайын қаралуы тиіс, - деді Ералы Тоғжанов.
Өзгелердің жаңалығы