Елордада «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты білім беру конференциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамдық қор серіктестермен бірлесіп жүзеге асырып жатқан және елдің білім беру саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған білім беру саласындағы пилоттық жобалардың нәтижелерін көпшілікке таныстырды.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Парламент депутаттары, «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің және білім мен мәдениет мәселелері жөніндегі сарапшылық комитеттерінің мүшелері, донорлық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер басшылары, білім беру саласындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатқан 130 тірек және арнайы мектептердің басшылары мен оқытушылары, сарапшылар, 15 ЖОО ректорлары қатысты.
Конференцияға қатысуға ниет білдірген оқушылар мен студенттер қайырымдылық жобаларының нәтижесімен, болашақ жоспарларымен бөлісті. Олар үшін арнайы ақпараттық-танымдық бағдарлама дайындалды.
Онлайн режимде 850-ге тарта қатысушы облыстар мен астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары мен проректорлары, тірек және арнайы мектептердің ұжымдары қатысты.
Конференция жұмысы Қор мен серіктестер жобаларының көрмесінен басталды, онда бастауыш сынып кабинеттері, технология, телестудия, СТЭМ, Арт-студия, есту қабілеті нашар балаларға арналған кабинет, логопед кабинеті, аутизмі бар балаларға арналған орталық кабинеті, сенсорлық кабинет, робототехника кабинеті инсталляциясы ұсынылды, дамытушы жабдықтар орнатылды, сондай-ақ "Тұсау кесер", "Coursera - қазақ тілінде" және "білім беру гранттары" жобаларына арналған стендтер құрылды.
"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры серіктестермен бірлесіп бүгінгі конференция мен таныстырылған жобалардың бастамашысы болғанын атап өткім келеді. Әрине, бұл жобалар бір күнде ойдан пайда болған жоқ. Бұл жобаоар - бірқатар қоғамдық ұйымдар мен мамандардың бастамасымен тәжірибеде өзектілігі мен қажеттілігін дәлелдеген жобалар. Біздің ойымызша, осы маңызды пилоттық жобаларды мемлекет деңгейінде кең таратуға болады. Сондықтан Конференция аясында осы бастамаларды кәсіби мамандар арасында таныстырып, оны талқылап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырмақпыз, - деп атап өтті конференцияның пленарлық отырысының ашылуында «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Болат Жәмішевтің айтуынша, білім беру саласында Қор 5 қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Олар - "ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту", "арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру", "білім беру гранттары", "Болашақ инженерлер", "Coursera – қазақ тілінде".
Қор білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларын іске асыруға 37,5 млрд теңге бағыттаған.
Қор басшысы сондай-ақ ауыл мектептерінде онлайн-оқытуды жүйелі дамыту, бірқатар мектептерді ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған баспалдақ көтергіштермен жарақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша ұсыныстарды айтты.
Пленарлық отырыста Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев, "НЗМ" Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, "BMG Upskill" компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеуші профессоры Зульфия Мовкебаева, Арман холдингінің" президенті Серікбай Бисекеев сөз сөйледі.
Ауыл мектептерімен әдістемелік жұмыс тұжырымдамасын Назарбаев Зияткерлік мектептері 2020 жылдан бері жүргізеді. Жоба басталған уақытта 6 аймақтың 14 мектебі қамтылған болатын. 2021 жылы бұл жоба «Аitas» және «Bilim Land» ЖШС сияқты инвесторлардың назарын аударып 3 өңірдегі 7 мектепті оқу жабдықтарымен қамтыды. Осылайша, жоба әдістемесі әртүрлі ауылдық мектептерде сынақтан өткізіліп, сондай-ақ қажетті түзетулер енгізілді. Табысты жобаны 2022 жылдан бастап «Қазақстан Халқына» Қоры қолдап, бүкіл Қазақстанға кеңейтуге мүмкіндік берді, - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Ауылдық білім беруді дамыту, онлайн оқыту форматы, білім берудегі инклюзия мәселелері серіктестер мен сарапшылардың қатысуымен өтетін үш секциялық отырыс барысында талқыланды.
Ауылдағы тірек мектептерді дамыту жобасының алғашқы кезеңі 13 мың оқушыны қамтыды. Яғни, 13 ауыл баласы қаланың жеке меншік мектептерінен кем түспейтін оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы 63 мектепті қамтиды. Бұл дегеніміз – 45 мың оқушы, 6000 мыңнан астам ұстаз. Жоба ұлттық сипатқа ие болды. Яғни, халқымыздың алдында жауапкершілігіміз артты, – деді Білім беру саласында тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.