Өңірде 21 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық өңделді – Қызылорда облысы

31 Наурыз 2021, 05:44
1732
Бөлісу:
Өңірде 21 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық өңделді – Қызылорда облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жаңа полигондар мен сұрыптау кешендерінің жобасын әзірлеуде. Ал Жаңақорған ауданы Ызғар елді мекенінде 20 гектар жер бөлініп, техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оспанов мәлімдеді.

2030 жылға дейін қалдықтарды өңдеу үлесін – 40 пайызға, экологиялық және санитарлық талапқа сай келетін полигондар үлесін – 95 пайызға, халықты қоқыс шығару қызметімен қамтамасыз ету үлесін 100 пайызға жеткізуіміз қажет. Бұған қоса, «Су – өмір нәрі», «Таза су айдындары» акцияларында облыстағы су айдындары, су арналары мен каналдар тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. «Таза аула-таза табиғат» және «Бірге Таза Қазақстан» жалпы республикалық сенбіліктерінде өңір тұрғындары, еріктілер, экобелсенділер санитарлық тазалық, көркейту және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде полигондарға 125 тонна қалдықтар шығарылса, 88 шақырымға жуық арықтар мен аяқ су жолдары тазаланды, - деді Бауыржан Әліпбайұлы.
 

Сонымен қатар, өткен жылы 21 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық өңделді.

 


Өзгелердің жаңалығы