Өнеркәсіптегі апат. Өлімнің көбі краннан болады

26 Тамыз 2022, 17:20
1213
Бөлісу:
Өнеркәсіптегі апат. Өлімнің көбі краннан болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жиында айтылды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл өнеркәсіптегі 14 апаттың сегізі жүк көтергіш механизмдерден болды. Сол сегіз апаттың ішінде көз жұмған алты адамның бесеуі – сол ұйымдардың жұмыскерлері, - деді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов. 

Маман мұндай өлімнің себебі ең алдымен өнеркәсіп саласындағы талаптарды орындамағаннан, өнеркәсіп тәртібіне бағынбағаннан, пайдаланылатын жабдықтың тозуынан және жұмыскерлердің біліктілігінің төмендігінен болатынын атады. 

Тексеру нәтижелері бойынша барлығы 130 млн теңгеден астам сомаға 890 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 объект тоқтатылды, - деді Нығмеджан Мақажанов.

Айта кету керек, жыл басынан бері 1 306 тексеру жүргізілді, 16 385 объект тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 20 402 бұзушылығы анықталды. 

Инспекторлар бұзушылықтарды анықтау бойынша қолданатын алдын алу шараларының тиімділігіне қарамастан, жыл сайын жұмыстарды жүргізудің келісілген жобалық шешімдерден ауытқуына байланысты жүйелі бұзушылықтардың жүздеген фактілері анықталады, нормативтік ғимараттар мен құрылыстарды, оның ішінде қызмет мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптар бұзылады, - деді Мақажанов. 

Өзгелердің жаңалығы