Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 102,7% болды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді. Айтарлықтай өсім Абай облысында (8,7%), Шымкент қаласында (8,4%) және Шығыс Қазақстан облысында (8%) байқалды. Төмендеу Жетісу (6,4%-ға), Павлодар (3,8%-ға), Қызылорда (3,5%-ға) және Қостанай (1,7%-ға) облыстарында тіркелді.