"Өнер – ұлттың жаны": Алматының мәдениет қызметкерлері президенттің қолынан алған пәтерін көрсетті

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні бірнеше өнер адамы баспаналы болды.

Бүгiн 2026, 14:44
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 14:44
Бүгiн 2026, 14:44
343
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Елімізде 21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атталып өтті. Осы күнге орай бірнеше өнер адамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан пәтер кілтін алды. Солардың бірі - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы Арайбек Асқар. 

Мәдениет қызметкерлеріне жөндеу жұмыстары толық аяқталған пәтер берілген. Одан бөлек, пәтердің ішінде қажет жиһаздары да бар. Оның ішінде, ас бөлмесі, төсек, теледидар, диван, кір жуғыш машина мен тоңазытқыш және басқасы бар. 

Күні кеше Ақордада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан баспана кілтін алдық. Өте қуаныштымыз, Біз үшін күтпеген жайт болды. Өнер саласындағы азаматтарға көңіл бөліп жатқа Қасым-Жомарт Кемелұлына айтар алғысымыз шексіз. Кейінгі жылдары өнер саласының қызметкерлеріне көптеген көңіл бөлініп жатыр. Ағаларымыз, апайларымыз марапатталып жатыр. Мұның бәрі ұлтымыздың руханиятына деген көмек, үлкен үлес, - дейді Арайбек Асқар. 

Сонымен қатар ұстаз Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызына да алғысын айтты. 

Еңбегімізді елеп, пәтер сыйлап, қолдап білдіріп жатқанына алғыс айтамын. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы - өнердің қара шаңырағы. Осы жерде жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын. Басшымыс Гаухар Қошқарбекқызына айтар алғысым шексіз, - дейді ол. 

Сонымен қатар, Арайбек Асқар консерваторияның биылғы сапарлары туралы айта кетті. 

Консерватория биыл Мәскеуде өткен екі ел президенттерінің басқосуында оркестріміз өнер көрсетті. Катар мемлекетінде өткен іс-шарада да төбе көрсетті. Көптеген шет елдерде шеберлік сабақтарын өтіп, концерт ұйымдастырдық. Мұның бәріне мұрындық болған Аида Ғалымқызына алғыс айтамыз. Бүгін өнер саласындағы көптеген адам баспаналы болды. Бәріміз бір ауданнан үй алдық. Бір салада жүрген аға-апайларымызбен көрші болып жатқанымызға қуаныштымыз. Президентіміз айтқандай “Өнер - ұлттың жаны”. Өнердің дамуына еңбек ететін - өнер адамдары. Сондықтан өнер адамдарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмекке алғысымыз шексіз, - дейді өнер иесі. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх