Өндірістік кестені бекіту кезінде барлық қауіп-қатерді ескеру қажет – ҚР ИИДМ

15 Қараша 2022, 09:43
842
Бөлісу:
Өндірістік кестені бекіту кезінде барлық қауіп-қатерді ескеру қажет – ҚР ИИДМ
PHOTO

Келесі жылы Батыс Қазақстан облысындағы автожол жобаларын орындау барысында барлық қауіп-қатерді ескеру қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ИИДМ-де «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында өткен кезекті кездесу барысында Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр осылай деді. 

Жиынға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, Батыс Қазақстан облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Өндірістік кестені бекіту кезінде барлық қауіп-қатерді ескеру қажет – ҚР ИИДМ

Кездесуді бастаған Комитет төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы автожол жобаларын жіті назарда ұстап отырғанын еске салды. 

Бұған қоса, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компания өкілі бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамымен вагон тапшылығы мәселесін шешу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Осы ретте мердігерлік ұйымдарға қажетті материалдың 70 пайызын әзірлеу тапсырмасы берілген екен. 
Онлайн конференция барысында Батыс Қазақстан облысының қоғам белсенділері де өз ұсыныстары мен өтініштерін білдірді.  

Жәнібек ауданының азаматы ретінде келесі мәселеге баса назар аударуларыңызды сұраймын. Жауын-шашын кезінде көліктеріміз батып, діттеген жерімізге жете алмай жатамыз. Бейсен-Сайқын жолында тәуліктік, әсіресе түнгі уақытта патрульдеу жиірек ұйымдастырылса екен деген тілегім бар, – деді қоғам белсендісі Талғат Жұбанышев. 

Өндірістік кестені бекіту кезінде барлық қауіп-қатерді ескеру қажет – ҚР ИИДМ

Осы ретте Автомобиль жолдары комитеті Жамбыл Бақтияр осындай түйткілдерді болдырмау үшін қыс мезігілінде күтіп ұстау жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысындағы автожол жобаларын орындаудың, жол-құрылыс материалдарын әзірлеудің өндірістік кестесін құруды қадап тапсырды. Бұл ретте барлық қауіп-қатерді ескеру маңыздылығын атап өтті. Жол пайдаланушыларына жайлы жағдай жасап, қозғалыс ашу басты міндет екенін еске салды. 

Өзгелердің жаңалығы