Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім азайды

10 Қараша 2021, 10:55
1039
Бөлісу:
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1197 қызметкер зардап шекті, оның 163-і қайтыс болды.

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өсті (өткен жылдың 10 айында 1169 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қайтыс болу жағдайлары 3,6% - ға төмендеді (2020 жылы осы кезеңде өндірісте 169 адам қайтыс болды).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (211 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (153 адам), Ақтөбе (97 адам), Павлодар (96 адам), Қостанай (91 адам) облыстарында сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 203 адам (19,1%) және құрылыс саласында – 120 адам (11,3%) байқалады.

Өзгелердің жаңалығы