Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесін сақтап қалу керек – Бектенов

Жансая ҚАМБАР
22 Шілде 2025, 11:26
475
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бүгінде мыс, мырыш, темір және алюминий сияқты металдарға сыртқы нарықтарда сұраныс жоғары болып отыр. Соңғы жылдары сирек және стратегиялық маңызды металдар өндірісіне басымдық берілуде. Өйткені әлемде осы минералдарға сұраныс арта түскен, - деді Бектенов.

Ол сондықтан да өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызы өте зор екенін атады.

Қазіргі таңда Жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 14%-ды құрайды және ол кен өндіру саласынан 2%-ға жоғары. Осы үрдісті алдағы уақытта да сақтап қалу қажет, - деді Премьер-министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылы елімізде мыс өңдеу екі есе ұлғаймақ

Бүгінгі Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ау-кенге арналған цифрлық стартаптар 5 млрд теңге табыс әкелгенін мәлімдеді. 

Сондай-ақ, "Қазмырыш" алдағы 10 жылда газдарды тазарту мен шаңды ұстау жобаларын енгізбек.

Өзгелердің жаңалығы