Өңделмеген түрде экспорттауға тек көксерке мен жайын балықтарына ғана тыйым салынды

9 Ақпан 2024, 13:05
370
Бөлісу:
Өңделмеген түрде экспорттауға тек көксерке мен жайын балықтарына ғана тыйым салынды
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

2023 жылғы 30 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен көксерке мен жайын балықтарын өңделмеген түрде экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Балық шаруашылығы комитетінің мәлімдеуінше, бұл ретті, тиісті тыйым салу аяқталғаннан кейін, Министрлік енгізілген шектеулердің экономикалық тиімділігіне талдау жүргізді, бұл дайын балық өнімдері өндірісінің өсу көлемі мен жұмыс орындарының саны бойынша оң динамиканы көрсетті.

Осылайша, 2024 жылғы 19 қаңтарда Министрлік көксерке мен жайын балықтарын өңделмеген күйінде экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты (тыйым салу ағымдағы жылдың 5 ақпаннан бастап 5 тамызына дейін қолданылады).

Сонымен қатар, Министрлік берілген құзырет шеңберінде өңделмеген түрде ең коммерциялық және гастрономиялық құнды қаракөз, алабұға, шортан, табан, сазан, тұқы сияқты балық түрлерін экспорттауға сандық шектеулер (квоталар) енгізуді талқылауда.

Бүгінгі таңда Атырау облысына барып балық өңдеу қуаттарының жай-күйін бағалауды, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, балық аулауға квоталарды игеруді, сондай-ақ қызметін Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің экспортталатын балық өнімінің рентабельділік деңгейін бағалау үшін комиссия құрылуда. Аталған комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.

​ Осы ретте, «Caspian news» телеарнасының Министрлік қаракөз, алабұға, шортан, табан, сазан (тұқы) балықтарына өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салды деген ақпараты шындыққа жанаспайды.

Өзгелердің жаңалығы