Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Хромтаудағы шахтасында жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.
Хромтау ауданындағы "ЖШС "Весенняя Аралчинская" шахтасында жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын және сабырлық тілеймін. Қазірде менің тапсырмаммен осы салаға жауапты орынбасарым Сәлімгерей Бекбергенов сонда жүр. Оқиғаның анық-қанығын жіті зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жағдай бақылауымда болады, – деп жазды облыс әкімі.Еске сала кетейік, кеше Хромтау ауданындағы шахтада жарылыс болып, төрт жұмысшы қаза тапқан болатын.