Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау нысандарын аралады

22 Маусым 2020, 18:36
1692
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау нысандарын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында бой көтеріп жатқан перинаталды орталықтың құрылыс жұмысымен танысты. 

Құрылысы 2017 жылы басталған нысанның салыну қарқыны тым баяу. Аймақ басшысы "TSG Construction" мердігер мекемесінің өкілдеріне қатаң ескерту жасады. 

Келісімшарт бойынша 190 орынға арналған ғимарат 2020 жылдың қыркүйек айында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда, құрылыс материалдары мен қаржының жеткіліктілігіне қарамастан құрылыстың кешеуілдеу қаупі бар. Заман талабына сай салынып жатқан медициналық мекеме бір ауысымда 120 адамды қабылдайтын консультативтік-диагностикалық орталықтан тұрады, - делінген хабарламада.

Облыс әкімі бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовқа құрылыс қарқынын қадағалауды тапсырды. 

Өңір басшысы бұдан соң, "Ақтөбе медициналық орталығында (Aktobe medical center)“ болды. Қазіргі таңда пневмонияға шалдығушылардың саны күрт өсуіне байланысты, (1 тәулікте 60 науқас жеткізілген) облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес медициналық орталық ғимаратынан қосымша 120 орынға арналған кереует пайдалануға берілді. Нәтижесінде 360 науқасты қабылдауға мүмкіндік туды. 

Сондай-ақ, шұғыл жәрдемді қажет ететін науқастар үшін екі үлкен емдеу мекемелеріне Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медицина орталығы мен ШЖҚ "Медициналық жедел жәрдем ауруханасы" МКК жатқызылуда. Қазіргі таңда аурухана дәлізінде жатқан науқастар жоқ. Жағдай бірқалыпқа түскен. 

Оңдасын Оразалин медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттары мен автоматты реттеу приборларын жасайтын "Ақтөбе рентген" АҚ кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын 2008 жылдан 2018 жылға дейінгі уақытта әртүрлі мақсаттарға арналған 220-дан астам мобильді кешендер шығарған. Қазіргі таңда жылына 120 рентгендік аппарат және мобильді кешендер шығаруға қауқарлы. Мәселен, КРФ-112 Флюкар кешені заманауи талаптарға жауап беретін, автомобиль шассиінің базасында фургонда орнатылған сандық флюрографиялық аппарат. Кеуде қуысының флюрографиясын пациенттің тұрған күйінде жүргізуге арналған. Сондай-ақ, Стомкар-У, Аргален, Аррази т.б рентгендік кешендерді елімізден өзге РФ, Орталық Азияда сұранысқа ие.

Өзгелердің жаңалығы