Ондаған кәсіпкердің құқықтары қорғалды

10 Қазан 2024, 19:13
282
Бөлісу:
Ондаған кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Павлодар облысындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары сарапшылары 100-ден астам нормативтік-құқықтық актіге сараптама жүргізіп, төрт құжатты ескертулермен қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен қатар мекеме заңгерлері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша 12 сот отырысына қатысты. Тоғыз жағдайда бизнесмендердің мүдделері қорғалды. Қалған деректер бойынша бөлек ұйғарымдар шығарылды.

Мамандардың мәліметінше қорғалған құқықтардың жалпы сомасы 77 млн теңгеден асқан.

Жыл басынан бері сарапшылар бизнестің қызығушылықтарын қорғау бағытында 17 өтінішті қабылдап, қарастырды. Көмекке жүгінгендердің қатарында ірілі-ұсақты кәсіпкерлік нысандары бар. Заңгерлеріміз 2 млрд теңгеден сомаға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғай алды, - дейді аймақтық палата кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Гүлнәр Басуова.

Айта кетейік, облысты жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты кеңес жұмыс істейді. Отырыстардың барысында жер қатынастарына қатысты 24 мәселе қарастырылған. Нәтижесінде бизнес қауымдастыққа толық қолдау көрсетілді. Ал жүйелі мәселелер бойынша 32 ұсыныс әзірленіп, жауапты органдарға жолданды.

Өзгелердің жаңалығы