Астанада жасөспірім интернет-алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана қаласы Полиция департаменті жаңа интернет-алаяқтық сызбасының таралып жатқанын хабарлады.
Алаяқтар танымал мессенджерлерде "оңай табыс табу" туралы жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарға SIM-карталарды сатып алып, оларды "жалға беруді" ұсынады. Сол қызмет үшін күнделікті төлем төленетінін уәде етеді.
Полиция қазақстандықтарды сақ болуға шақырады. SIM-карта мен жеке деректерді бөгде адамдарға беру қылмыстық схемаларда қолданылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік те қарастырылған.14 жастағы жасөспірім аталған хабарландыруға сеніп, алаяқтардың WhatsApp мессенджері арқылы берген нұсқауларына сай қазақстандық операторлардың SIM-карталарын тіркеп, оларға "байланыстырылған құрылғылар" функциясы арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін берген. Бұл алаяқтарға мессенджерді өз пайдасына пайдалануға жол ашқан. Тексеру барысында жасөспірімнен шамамен 20 SIM-карта тәркіленді. Аталған факті бойынша оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Астана қ. ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Рамиль Иманқұлов.