Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде. Себебі, балаларды емдеп, аяққа тұрғызып қана қоймай, қоғамға бейімдеу де маңызды. Оңалту орталықтары қажетті заманауи жабдықтармен, заманауи технологиялармен жабдықталған.
Қор елімізде оңалту қызметтерінің дамуына қолдау көрсетеді. Қордың елордалық филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 20, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.
МӘМС енгізілгелі не өзгерді?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі:
1) Оңалту және қалпына келтіру көмегі қолжетімді;
2) Оңалту орталықтарында болып, емшаралар қабылдау мерзімі жеке-жеке таңдалады;
3) қызметкерлер жалақысы артты.
Балалар қандай медициналық оңалтудан өте алады?
Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрықта бекітілген диагноздар тізбесіне сай, пациенттер тегін медициналық оңалтудан өте алады.
Оңалтудан өту үшін тіркелген жердегі емханадағы учаскелік дәрігерге, сондай-ақ Оңалту орталығына бару керек. Науқасты медициналық оңалту үшін күндізгі стационарға жоспарлы жатқызу Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады (күні белгіленеді).
Белгіленген күні науқас және оған күтім жасайтын адам Оңалту орталығына қажетті талдауларымен және құжаттар тізбесімен келіп, орталық әкімшісіне тіркеледі, содан кейін мультидисциплинарлық топқа өтеді, онда аталған топтың маманы оңалту әлеуетін, оңалту диагнозын анықтап, оңалтудың жеке жоспарын әзірлейді. Біздің орталықта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы балаларды кешенді медициналық оңалту Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 55 хаттамасына сай Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі бірлескен комиссия мақұлдаған «Неврология және нейрохирургия» бейіні бойынша «Амбулаториялық-емханалық оңалту II» медициналық оңалту: физиотерапиялық жаттығулар (кинезотерапия, механикотерапия), физиотерапия, еңбек терапиясы, логопедиялық түзету, психологиялық түзету бағыттары бойынша жүзеге асырылады.Қосымша қызметтер аясында массаж, вакуумды массаж, биологиялық кері байланыс – тірек-қимыл, биологиялық кері байланыс – логопед, дефектолог, томатис терапияларын қабылдайды.
Әрбір нәтижеге жету үшін алдарына мақсат қойып, түрлі әдістер қолданады. Стандартты оңалту курсы – 21 күн, бірақ жақсы оңалту әлеуеті мен жақсы динамикасы болған жағдайда, оңалту кезеңі мақсатқа толық қол жеткізгенге дейін ұзартылады, - деп түсіндірді «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының басшысы Ұлжалғас Медетқызы Мұхамбетова.
МӘМС бойынша оңалтудан өту үшін жолдаманы қалай алуға болады?Пациент кешенді медициналық оңалтудан өту үшін жолдаманы учаскелік дәрігерге жүгінген кезде тіркелген жері бойынша емханада, сондай-ақ Оңалту орталығында да ала алады. Құжаттар толық дайын болғанда, учаскелік дәрігер пациентті жоспарлы түрде күндізгі стационарға «емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы ресімдейді. Әрі қарай Оңалту орталығы күндізгі стационарға жатқызу күнін растайды. Қабылдау күні пациент және оны күтіп-қарайтын адам Оңалту орталығына қажетті талдаулармен және құжаттар тізбесімен келеді, орталық әкімшісінде тіркеуден өтеді. Құрамында емдеуші дәрігер, реабилитолог-дәрігер, мейіргер, ЕДШ нұсқаушысы, психолог, эрготерапевт, логопед бар мультидисциплинарлық топтан өтеді. Оңалту емінің мақсаты, оңалтудың жеке жоспары айқындалады, содан кейін пациент оңалту курсын алады, соңында одан әрі оңалту бойынша ұсыныстар беріледі.
«Оңалту және қалпына келтіру емі тұрғысындағы медициналық қызметтің қолжетімді болғаны үшін алғысымыз шексіз» - дейді ата-аналар.
Медициналық қызметтерге созылмалы аурулары бар және мүгедектігі бар ересектер мен балалар көбірек жүгінетінін атап өткім келеді. МӘМС диагностикалау және оңалту қызметтерін алуды, оның ішінде балалар мен мүгедектігі бар адамдар үшін, жеңілдетті, қолжетімді етті. күрделі қымбат тұратын оталар жасатуда кездесетін кедергілердің болмауына, сондай-ақ тегін дәрі-дәрмектер алуға мүмкіндік береді. Яғни отбасылық бюджет үшін жеңіл боп қалды. Ешқандай қағаз, полистер қажет емес. Ал дәрігерге DAMUMED электрондық қосымшасы арқылы жазылуға болады.
Жаңа медициналық қызметтер, ең алдымен оңалту және қалпына келтіру емі, ересектер мен балаларға арналған күндізгі стационар қолжетімді бола бастады.
Бұл әсіресе, менің немерем үшін өте маңызды, ол бес жыл бұрын миына ота жасағаннан кейін және екі жасында ми ісігінен асқынған оң жақ гемипарезіне шалдықты. Бізге ұзақ оңалту және қалпына келтіру қызметтері өте қажет. Үш жылдан бері «Жұлдызай» МОО балаларды оңалту орталығынан ем аламыз. Орталықтағы сабақтарымыздың арқасында біз өте жоғары нәтижелерге және баланы қалпына келтірудің керемет динамикасына қол жеткіздік.
МӘМС жүйесі аясында ауруханаға жатқызу және өз емханасы арқылы порталға кіру арқылы орталықтан орын алу жеңілдеді. Оңалту және қалпына келтіру емі тұрғысынан медициналық қызметтерді алу қол жетімді болғанына өте ризамыз, бұл қалпына келтіру мен оңалтуды қажет ететін немерем үшін өте маңызды.
КТ және МРТ қоса алғанда, қымбат тұратын зерттеу түрлері, медициналық-генетикалық зерттеулер, гормондарды анықтайтын талдаулардың толық түрлері, қымбат тұратын зертханалық қызметтерді Қордың медициналық ұйымдастыру жеткізушілері МӘМС пакеті шеңберінде көрсетеді. Елімізде МӘМС бағдарламасы толық дамып, жұмыс істегенін қалаймыз, - деген тілегін айтты Айарудың әжесі Гүлнәр Тасқожина.
Гүлнәрдің пікіріне басқа ата-аналар да қосылды.
«Жұлдызай» МОО-да оңалту емін тұрақты алып жүргенімізге бізге де үш жыл болды.
МӘМС енгізілгеннен кейін қаланың барлық медициналық мекемелерінде, оның ішінде оңалту орталықтарында консультациялық-диагностикалық көмек алу бұрынғыдан әлдеқайда оңай.
Бала кезінен мүгедектік болғандықтан, біз үнемі ақылы негізде көптеген сынақтардан, тексеруден өттік. Ал МӘМС енгізілгелі бұл талдауларды тұрғылықты жері бойынша емханада тегін тапсыру мүмкіндігі туды.
Бұрын ТМККК кезінде оңалтуға жету үшін кезекте тұру керек, ол кезек өте баяу жылжитын. Тіркелген жердегі емханада көптеген сынақтардан тегін өту мүмкіндігі болмады. Енді медициналық оңалтуды алу үшін порталға тұру жеткілікті, бұл ата-аналар үшін бүкіл емдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
МӘМС енгізу сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру тұрғысынан әртүрлі диагноздары бар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған біз үшін үлкен көмек, - дейді Өтемісов Арланның анасы.
Қор елімізде оңалту қызметтерінің дамуына қолдау көрсетеді. Бала өмірі мен денсаулығынан қымбат ешнәрсе жоқ.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 20, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.