Өмірәлиев: Сайлауалды үгіт-насихат кезінде 23 заң бұзушылық тіркелді

17 Наурыз 2023, 12:10
1412
Бөлісу:
Өмірәлиев: Сайлауалды үгіт-насихат кезінде 23 заң бұзушылық тіркелді
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, 18 ақпанда ОСК алаңында, барлық бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау алдындағы үгітті жүргізу мен шарттары туралы заңға түсініктеме жұмысы жүргізілген болатын. Оған қандай жауапкершіліктің көзделгендігі туралы ақпарат та берілді. Алайда сайлауалды науқанда сайлау туралы заң талаптарының бұзылуы орын алды. Жалпы прокуратура осындай 23 заң бұзушылықты анықтадық. Барлық құқық бұзушыларға бірыңғай көзқарасты ұстанамыз. Бүкіл фактілер тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды, - деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары. 

Айтуынша, үгіт-насихат жүргізуге қатысты заң бұзушылық көп кездескен.

Осы 23 фактінің ішінде ең көп кездескені – тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізуге қатысты. Мұндай фактілердің 12-сі тіркелді. Оның ішінде 6 жағдайда кінәлілер – 3 заңды тұлға және 3 азамат болып шықты. Олар кандидаттар емес. Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген. Олар бірмандатты округ бойынша тіркелгендер. Біз оларды жауапқа тарту үшін Орталық сайлау комиссиясының келісімін алдық. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес айыппұл салып, сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеуінің күшін жойды. Бұл – заңның талабы, - деді Жандос Өмірәлиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні.

Өзгелердің жаңалығы