Омикрон VS Дельта. Штамдарды жұқтыру әлі азаймай тұр

22 Ақпан 2022, 09:21
1138
Бөлісу:
Омикрон VS Дельта. Штамдарды жұқтыру әлі азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай үнемі ведомствоның бақылауында. 

Министрлік ай сайын республикадағы коронавирус инфекциясы штамының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізуде. Ақпан айында оң нәтижелі үлгілерді кезекті генотиптеу аяқталды. Елдің барлық өңірлерінде «Омикронның» айналымы анықталды және жалпы зерттелген үлгілердің 72%-ын құрады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр қауіпті екі штамның әлі толастамай тұрғанын алға тартты. 

Сондай-ақ барлық өңірлерде «Омикронмен» қатар «Дельта» штамының айналымы жалғасуда және жалпы үлгілердің 25%-ын құрайды, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Өзгелердің жаңалығы