Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы наурызға дейін еуропа халқының жартысынан астамына коронавирустың омикрон штаммы жұғуы мүмкін деген болжам жасады.
Бұл туралы ДДСҰ-ның Еуропа бойынша бөлім басшысы Ханс Клюге айтты.
ДДСҰ-ның Еуропа аймағына 53 мемлекет және Орталық Азия кіреді. Ханс Клюге әзірше коронавирустың омикрон штаммы анықталған елдерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды. Сонымен қатар ол жалпы вирус жұқтырған жандарды қорғауға алуды тапсырды.
Естеріңізде болса, омикрон елімізде де анықталды. Соған байланысты қазіргі таңда ел бойынша коронавирус індетінен сақтану шаралары күшейтіліп жатыр.