Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Ресейлік иммунологтар «омикрон» штамының ерекшелігін анықтады.
Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Иммун тапшылығы жағдайларын, созылмалы қабыну процестерін және аллергиялық ауруларды емдеу жөніндегі маман Владимир Болибок бұл штамның тасымалдаушысы бір рет түшкіргенде бірден 100-ге жуық адамды жұқтыруы мүмкін екенін айтты.
Осы уақытқа дейін бізде мұндай жұқпалы ауру болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру болып саналып келді, алайда «омикрон» бұл жағынан одан да асып түсті, - деді Болибок.
Вирус ауа тамшыларымен тез таралады. Дәрігер «омикрон» әсіресе балалар үшін қауіпті екенін айтты.