Өмер Кожаман Қазақстандағы сайлаудың қалай өткенін айтты

21 Қараша 2022, 13:31
1341
Бөлісу:
Өмер Кожаман Қазақстандағы сайлаудың қалай өткенін айтты

Қазақстан тұрғындарын президенттік сайлауда дауыс беруге мәжбүрлеген жоқ. Түркі мемлекеттері ұйымының  миссиясының басшысы Өмер Кожаман мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, миссия науқан кезінде сырттан араласу фактілерін тіркемеген.

Сондай-ақ Өмен Кожаман өткен сайлау процесінің ашықтығы мен демократиялық сипатына ерекше тоқталды.

Сайлау күні халықтың ерік-жігерін қамтамасыз ету үшін бүкіл қажетті әкімшілік шаралар қабылданды. «Сайлау туралы» Заңға сәйкес ұлттық және халықаралық байқаушыларға сайлауды бейтарап байқау үшін қажетті жағдайлар жасалды. Миссия ұлттық және халықаралық байқаушылардың қатысуын, сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын көрді, - деді спикер. 

Айтуынша, миссия №111 сайлау учаскесінде дауыстарды санау процесіне қатысты.

Бюллетеньдерді санау және оның нәтижелерін жариялау сайлау туралы ұлттық заңнамаға сәйкес уақтылы жүргізілді. Миссия сайлауға әсер ететін маңызды техникалық ақауларды байқамады. Миссия сайлау учаскелерінің ішінде немесе сыртында үгіт материалдарын көрген жоқ, сондай-ақ сайлау күні үгіт-насихат жұмыстары да болған жоқ. Сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болып, зағип жандарға брайль шрифті бойынша құжаттарды ұсынды. Сайлау учаскелерінде дауыс бере алмайтындар үшін жылжымалы жәшіктер орнатылды. Миссия сырттан сайлаушыларға ықпал ету әрекеттерін байқамады, - деді  Омер Кожаман. 

Өзгелердің жаңалығы