«Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымы Омбы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «қазақ тілін» ана тілі ретінде меңгеру қажеттілігін айқындау мақсатында қаладағы бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ oq.gov.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының Заңымен «қазақ тілін» жалпы білім беретін мектептерде ана тілі ретінде үйренуге кепілдік берілген.
Бұл үшін жалғыз және қажетті шарт-оқушылардың ата-аналарының өтініші екен.
Алайда «қазақ тілін» сапалы әрі тиімді оқытуды ұйымдастыру үшін келесідей үлкен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет:
1) Оқушылар арасында сұранысты анықтау;
2) Оқушылар саны ең көп болатын мектептерді анықтау;
3) Ана тілі мұғалімдерінің тізімін жасау және басқа да көптеген мәселелерді шешу.
Тек Омбы облысы мен Омбы қаласының оқушыларының ата-аналарына арналған және 5 сәуірге дейін жалғасатын сауалнаманы мына сілтеме арқылы толтыруға болады. Өзге сұрақтар болса, «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымына келесі байланыс нөмірлері арқылы 89045887798 Қуаныш Елеутаевқа, 89088058925 Торғын Ашеноваға хабарласуға болады, - делінген хабарламада.