«Омбы –Майқапшағай» жолы 27 желтоқсан сағат 07:00де ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 26 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1087-1103 км учаскесінде (Боғаз ауылының бұрылысы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) дизельді қозғалтқыштары бар қоғамдық көліктер үшін қозғалыс уақытша шектелді. Қазіргі уақытта осы учаскеде көліктердің жиналуы тіркелген жоқ, – деп жазылған хабарламада.
Қозғалысты ашудың болжамды уақыты — 2024 жылғы 27 желтоқсан сағат 07:00.
Абай облысының полициясы жүргізушілерге ескерту жасады.
Ауа райы жағдайларын ескеріп, жедел ақпаратты қадағалаңыз және сапарыңызды жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, – деді полициядан.