Омбудсмен Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесіне барды

Кеше, 13:28
205
Бөлісу:
Омбудсмен Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесіне барды
PHOTO
Фото: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Уәкіл мекеме аумағымен, жаңа тұрғын жайлармен танысып, наубайхананы, тігін цехын және индустриялық аймақтағы ангарларды, ғимараттарды аралады.

Омбудсмен Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесіне барды

Сондай-ақ Артур Ластаев сотталғандарды қабылдады, олар өздерін толғандырған сауалдарға, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану, бас бостандығынан айыруды жеңілдетілген жаза түрімен ауыстыру, келтірілген зиянды өтеу, медициналық қызмет көрсету және т.б. мәселелерге қатысты жауап алды.

Омбудсмен Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесіне барды

Бару қорытындысы бойынша сотталғандардың біріне мекеме басшылығының және "Еңбек" РМК филиалының көмегімен "Базис" ЖШС-не жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы