Оман Муфтиаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысады

25 Наурыз 2022, 17:05
1723
Бөлісу:
Оман Муфтиаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтандығының Бас мүфтиі Ахмад Әл-Халилимен кездесті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елші  Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев атынан 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін VII Съезге шақыру хатын тапсырды.

Кездесу барысында тараптар этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қарастырып, оның Оманның дінаралық диалогқа деген көзқарастарымен ұштасатынына тоқталды.

Сонымен қатар, еліміздегі саяси жағдайды талқылаған кезде қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына назар аударды. Атап айтқанда, Оман тарапына Мемлекет басшысының елдегі және жалпы қоғамдағы елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бағытталған реформалары түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы