Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған.
Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.
2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.
2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
2019 ж. тамыз айынан — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.