Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олжас Бектенов: Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
9 Қыркүйек 2025, 10:35
401
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының “ Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауын іске асыру барысын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы Жолдауда көтерілген бастамаларды еліміздің жеделдетілген инновациялық дамуына серпін беретін маңызды бағдар деп атады.

Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте. Сондықтан Президент алдағы үш жыл ішінде елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойып отыр, — деді Бектенов.

Оның айтуынша, кең ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу мемлекеттік басқарудың заманауи және технологиялық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Президент атап өткендей, цифрлық тәсілдер мемлекеттік жүйенің ашықтығын, тиімділігін және адамға бағдарланғандығын еселеп арттырады.

Сонымен қатар цифрландыру экономиканы әртараптандырумен қатар, ел экономикасының жан-жақты жаңғыруын қамтамасыз етіп, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Үкімет Жолдауда жүктелген міндеттерді жедел әрі тиімді орындауға толықтай жұмылдырылған, — деп айтты Премьер-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Цифрлық трансформация мен ЖИ – еліміздің жаңа ұлттық идеясы" деген еді.

Өзгелердің жаңалығы