"Өліп қала жаздаған": Астанада 11 жастағы баланың асқазанынан тіс шұқығыш табылды

Бүгiн, 07:15
872
Бөлісу:
"Өліп қала жаздаған": Астанада 11 жастағы баланың асқазанынан тіс шұқығыш табылды
Фото: istockphoto.com

Астанада дәрігерлер 11 жастағы баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іші ауырғанына шағымданған баласын ата-анасы бірден ауруханаға алып келген.

Дәрігерлер баланы бастан-аяқ тексеріп, рентгеннен бөгде затты байқаған. Алайда экран арқылы ұшы үшкір, ішекке жабысып қалған заттың не екенін біле алмаған. Баланың жағдайы ушығып бара жатқан соң шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылданады.

Баланың ішек-қарнын ақтарған дәрігерлер әбден тас болып қатып қалған тіс шұқығышты алып шыққан. Өңештен өткен тіс шұқығыш ішек жолының бел ортасына келгенде тіреліп қалған.

УДЗ, КТ зерттеуінде ісік тәрізді бөгде дене бар деген күмәнмен жедел операцияға алынды. Диагностика лапароскопия кезінде ісік ашылғанда ұзақ уақыт болған бөгде дене анықталды, сөйтіп оның тіс шұқығыш екені белгілі болды, - дейді Астана №2 көпбейінді аурухананың хирургі Әсем Шәкеева.

Ал ішекке біте қабысып кеткеніне қарағанда, бала оны бірнеше жыл бұрын жұтып қойған сыңайлы. Бір өлімнен аман қалған жеткіншектің жағдайы бірқалыпты.

Өзгелердің жаңалығы