Олимпиада ойындарына 9 рет қатысқан әйелдің есімі белгілі болды

25 Шілде 2021, 16:47
2830
Бөлісу:
Олимпиада ойындарына 9 рет қатысқан әйелдің есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия олимпиада құрамасының мүшесі Нино Салуквадзе тапанша атудан шебер. Ол осы уақытқа дейін тоғыз Олимпиадаға қатысқан алғашқы әйел болды. 

Нино байдарка мен каноэ есуден Йозефа Идемнің және академиялық есуден Лесли Томпсонның рекордын жаңартты.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиадада Грузия өкілі екі қару түрінде өнер көрсетеді. 52 жастағы спортшы жарыстан кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын айтып өтті.

Мен енді Олимпиадаға қатыспаймын, Токиодан кейін мансабымды аяқтаймын, – деді Салуквадзе.
Ол мұндай спорттық жүктемеге төтеп беру өте қиын екенін және спорттық мансабын жалғастыру үшін операция жасап, нысана көздейтін  көзін сол жағына өзгерткенін атап өтті.
Мұндай жүктемемен тоғыз Олимпиадаға ешкім төтеп бере алмайды деп нақты айта аламын. Спорт қиындыққа соққаннан кейін, мансабымды аяқтаймын. Мен моральдық, физикалық және техникалық жағынан спортқа дайынмын, дегенмен көздерім қартайған. Денені ұстап тұру қиын. Тіпті ота да жасаттым. Қазір сол жақ көіммен нысананы көздеймін. Көзді жақсарту үшін пышаққа түстім. Күнделікті өмірімде маған мұндай операция қажет емес еді, бірақ дәрігерлер ату үшін осы мүмкіндікті сынап көруді ұсынды. Алайда бұл іске аса қоймады. Бірақ қазір мен бәрін жақсы көремін, - деді спортшы.
Нино Салуквадзе Сеулдегі 1988 жылғы Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері болды. Ол үшін бұл алғашқы жүлде еді. Сонымен қатар Нино Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиадада қола медаль еншіледі.

Байдарка мен каноэде есу ГФР мен Италия атынан шыққан Йозеф Идем және канадалық Лесли Томпсон (академиялық есу) Олимпиада ойындарына сегіз рет қатысты.

Токио Олимпиадасы ұсынылған спорт түрлерінің (33) саны және олардың санаттары (339) бойынша ең ауқымды. Оған 19 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Алайда, өкінішке қарай, ойындар жанкүйерлерсіз өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы