Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

Бүгiн, 13:20
132
Бөлісу:
 championat.com
Фото: championat.com

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Бекітілген талаптарға сәйкес, олимпиадалық алтын медаль иегері Қазақстаннан шыққан чемпион 250 мың доллар алады. Бұл шамамен 123,3 млн теңге. Күміс жүлде үшін 150 мың доллар (шамамен 74 млн теңге), ал қола медаль үшін 75 мың доллар, яғни 37 млн теңгеге жуық сыйақы қарастырылған.

Сыйақы тек жүлдегерлерге ғана берілмейді. Төртінші орын алған спортшы 30 мың доллар (14,8 млн теңге), бесінші орын иегері 10 мың доллар (4,9 млн теңге) алады. Тіпті Олимпиадада алтыншы орынға табан тіреген спортшыға да 5 мың доллар, яғни шамамен 2,47 млн теңге көлемінде төлем қарастырылған.

Қазақстан құрамасы үшін алғашқы осындай қаржылық нәтиже де тіркеліп үлгерді. Конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта алтыншы орын алған Надежда Морозова тиісті мемлекеттік сыйақы алуға үмітті.

Өзгелердің жаңалығы