Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті Олимпиада ойындарының екінші күніне арналған жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, кеше Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды.

Аталған бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондыққа ене алды.
Надежда Морозова 4:01.200 нәтижемен алтыншы орынға тұрақтаса, Елизавета Голубева 4:03.300 көрсеткішімен жарысты оныншы орында аяқтады.