Қазақстан құрамасының фристайл-могул шебері Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алғашқы іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
Финалдық кезеңге шығу үшін спортшы үздік ондыққа енуі тиіс еді. Павел іріктеуде тоғызыншы орын алды.
Енді Колмаков 12 ақпанда өтетін финалдық кезеңге дайындалады. Ал қалған спортшылар екінші іріктеуде бастапқы кезеңнен өтуге тырысады.
Бүгін сондай-ақ әйелдер арасындағы іріктеу жарысы өтеді. Ол Астана уақытымен 18:15-те басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль үшін ең қомақты сыйақы беретін елдердің бестігіне кірді.