Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) бәсекесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков өнер көрсетті.
Әмірғали Мұратбеков 45-орынмен мәреге жетсе, Наиль Башмаков 49-нәтижесін тіркеді.
Алтын жүлдені норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды. Күміс медаль Франция спортшысы Матис Деложға бұйырды. Норвегия өкілі Мартин Ньенгет қола жүлдемен жарысты аяқтады.