Шаңғыдан Милан Олимпиадасында аруларымыз классикалық спринтте өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы екінші сайыс өтті.
Классикалық спринт бағдарламасында 89 спортшы 1,5 шақырымда сынға түсті. Ұлттық құрама сапынан Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник, Ксения Шалыгина жарыс жолына шықты.
Нәтиже келесідей:
55-орын. Дарья Ряжко - 4:04.22.
58-орын. Анна Мельник - 4:07.23.
63-орын. Надежда Степашкина - 4:10.15.
72-орын. Ксения Шалыгина - 4:16.26.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, ТОП-30 спортшы ширек финалға өтті.
Айта кетейік, санаулы сәттен кейін ерлер бақ сынайды.