14 ақпанда қазақстандық спортшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың жеті түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандық спортшыларымыздың барлық жарысын сағат 16.00-ден бастап Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Жарыс кестесі (Қазақстан уақытымен):
- 14.00 — тау шаңғысынан алып слалом. Іріктеу. Ростислав Хохлов.
- 14.30 — жұптық могул, әйелдер. Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова.
- 16.00 — әйелдер арасындағы шаңғы эстафетасы. Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко.
- 18.45 — биатлон, 7,5 шақырымдық спринт. Милана Генева және Айша Ракишева.
- 20.00 — конькимен жүгіру, әйелдер арасындағы командалық жарыс. Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева және Елизавета Голубева.
- 21.00 — конькимен жүгіру, ерлер арасында 500 метр. Евгений Кошкин.
- 22.45 — трамплиннен шаңғымен секіру, ерлер. Данил Васильев және Илья Мизерных.
- 01.00 (15 ақпан) — шорт-трек, 1000 метр. Ольга Тихонова.
Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан жеңісінен кейін Қазақстан Олимпиаданың медаль кестесінде бір алтын жүлдемен 15-орынға көтерілді.
Алғашқы үштік мынадай:
- Норвегия — 18 медаль, оның сегізі алтын;
- Италия — 18 медаль, оның алтауы алтын;
- АҚШ — 14 медаль, оның төртеуі алтын.