Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншылар ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл сайыста ел намысын Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреев қорғады.
Құрама сапында ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 53-орында мәреге жетті. Ал Әсет Дүйсенов жарысты 74-орында аяқтады.
Йохан-Олав Ботн (Норвегия) жеңіске жетті. Франция спортшысы Эрик Перро күміс медальға ие болса, қола жүлде Стурла Легрейдке (Норвегия) бұйырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасының фристайл-могул шебері Павел Колмаков Олимпиада ойындарының финалына шаққын еді.