Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбек мәлімдеді.
Пандемияның басталуы тек бокс қана емес сонымен қатар дене дайындығын сақтау маңызды болып табылатын басқа спорт түрлері бойынша қазақстандық командалардың оқу-жаттығу жиындарының төмендеуіне әкелді. Бұл физикалық күшті ғана емес, моральдық дайындықтыда сақтау үшін өте маңызды екенін мәлім. Бұл, әсіресе спорт тілінде айтқанда, форманың шыңында болмауына әкеліп соқтыратын жұптық спорт түрлеріне қатысты, – деді Бокс федерациясының атқарушы директоры.
Оның айтуынша, біз мұның әсерін Токиода өткен Олимпиадада куәгер болдық.
Олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша талдау жүргізіп, екі ұлттық құрама командадағы жағдайды бағалай келе, алдағы 2024 жылғы Олимпиада ойындарына спортшыларды жоғары деңгейде медальдарға жетелейтін, халықаралық іс-шараларға сапалы дайындығы үшін командаларды физикалық және психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жаттықтырушылар құрамын дереу ауыстыру бойынша шешім қабылданды. Сонымен қатар Бокс федерациясының басшылығы медициналық тексерулердің нәтижелеріне сүйене отырып, спортшыларға қосымша медициналық биологиялық құралдармен спорттағы тағам ережесін қадағалайтын фармаколог мамандарды жұмысқа шақырды, – дейді Маратбек Мықтыбек.