Ақмола облысының әкімі Қорғалжындағы бірқатар кәсіпорынды аралады

20 Тамыз 2019, 00:00
1633
Бөлісу:
Ақмола облысының әкімі Қорғалжындағы бірқатар кәсіпорынды аралады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапары шеңберiнде Қорғалжын ауданының Сабынды ауылындағы «МЕТ — 777» ЖШС жаңа жылыжай шаруашылығында болды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың жазында мұнда бiрiншi өнiм — 35 мың тоннадан астам томат жиналды. Жылыжай өнiмi Нұр-Сұлтан қаласының нарығында сұранысқа ие болды. Қазан айында екiншi егiннiң қызандарын жинау жоспарланып отыр. 4 жылыжайда барлығы 8 мың түп iрiжемiстi «Аттия» томаты өсiрiледi. Перспективада фермерлер тағы 6 жылыжай құрылысын салуды және ассортиментке кияр, баялды, жасыл және басқа көкөнiстердi қосуды жоспарлап отыр. Жұмысшылар саны 8 адамнан 30-ға дейiн өседi.

Ермек Маржықпаев кәсiпорын басшылығына степногорсклiк «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-нiң тәжiрибесiн қабылдауды ұсынды және аудан әкiмi Берiк Жанбаевқа жобаны бұдан әрi дамыту үшiн мемлекеттiк қолдау қарастыруды тапсырды.

19_3.jpg

Облыс әкiмi осы ауылдағы 2010 жылы индусрияландыру картасы бойынша iске қосылған «Астана Агропродукт» ЖШС-нiң ет өңдеу кешенiнiң жұмысымен танысты. Осы жылдары ет комбинаты шағаратын өнiмдер отандық брендке айналды. Олар суытылған ет, жартылай фабрикаттар, модификацияланған газ ортасындағы, вакуум орамадағы ет өнiмдерi және "Бакара" сауда марқалы шұжық өнiмдерi. Өңiр басшысы экспорттық әлеуеттi арттыру қажеттiгiне назар аударды. 

«Бiздiң компания — солтүстiк өңiрдегi ет экспорттауға аккредитациясы бар жалғыз компания. Бұған дейiн бiз Иранға аунатқаннан кейiн, сүйексiз жұмсағын ғана экспорттадық. Ендi Қытайға сүйегiмен бiрге жөнелтудi бастауды жоспарлап отырмыз», - дедi кәсiпорынның директоры Қанатбек Үзембаев.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев «Агрофирма Жер 888» ЖШС егiстiктерiнде болды. 

Агроқұрылымның директоры Абай Медеубаевтың айтуынша, жаңбыр болмағандықтан егiн өнiмi соңғы 5 жылғы көрсеткiштерден төмен болады. 10 000 га алқаптан ол орта есеппен гектарына 10 центнерден дәндi дақылдар жинауды болжап отыр. Аудан әкiмiмен және диқандармен Ермек Маржықпаев рапс, күнбағыс, жасымық, зығыр және басқа да дақылдарды өсiру алқаптарын арттыруды талқылады. 

«Әртараптандыру диқандарға қолайсыз жағдайларда да бәсекелесуге және пайда табуға мүмкiндiк бередi», - дедi облыс әкiмi.

Аудан орталығында мәдениет үйiн және көше жолы желiсiн ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 90 млн теңгеден астам бөлiнген. Бiрақ құрылыс жұмыстар әлi күнге басталмаған. 

19_1.jpg

«Мен сiздi аудан активiне таныстырғанда бiрiншi кезектегi мiндеттер қатарында Мәдениет үйiн, Ә.Молдағұлова мен Тәуелсiздiк көшелерiн сапалы жөндеудi жүргiзудi белгiлегенмiн. Әлi күнге дейiн кiшкене конкурсты өткiзе алмай отырсыздар. Бiзде қомақты қаржыларды игерiп отырған аудандар бар», - деп ескерттi аудан әкiмiне Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, өңiр басшысы Қорғалжын табиғи қорығының визит-орталығында, «Балтабек» этно-туристiк кешенiнде және демеушiлер қаржысы есебiнен реконструкцияланған орталық стадионда болды.



Өзгелердің жаңалығы