Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Жансая ҚАМБАР
4 Сәуір 2025, 14:29
3021
Бөлісу:
 кейіпкердің жеке мұрағаты
PHOTO
Фото: кейіпкердің жеке мұрағаты

Ұлы Отан соғысы кезінде болған шынайы оқиғаны BAQ.KZ тілшісімен Астана қаласы мәслихатының депутаты Сәуле Самидин бөлісті. Біз оны оқырманға ұсынуды жөн көрдік. 

Оқиғаның кейіпкері – депутаттың күйеуінің нағашы атасы Нөке Жартыбаев.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Ол 1912 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың күзіне қарай Челябіде жедел әскери дайындық курстарын аяқтап, майданға аттанады. Соғысқа станокты пулемет есептоп командирі ретінде қатысады. Великие Луки ауылы маңындағы ұрыста ауыр жараланып, есінен танып қалады және тірідей жерленіп кеткен.

Адам сенгісіз, алайда ол жер астынан шығып үлгереді. Сөйтіп, 1943 жылдың сәуірінде тұтқынға түседі. Кейіннен неміс концлагерінде бір жылдан астам уақыт болады. Ауыр жұмысқа жегілген оның басты ойы тірі қалу болады.

1944 жылы неміс әскерлері шегіне бастаған кезде және тұтқындарды өздерімен бірге алып кеткен уақытта Нөке Жартыбаев екі серігімен бірге қашып шығады. Шамамен үш ай бойы аш-жалаңаш күйде Курляндия ормандарында тығылады. Бақытына орай, сол орманда Мәскеуден партизандық қарсыласуды ұйымдастыру үшін жіберілген арнайы жасаққа тап болады. Тағы бір мәрте жолы болып, ол ірі партизандық жасақтың барлаушыларымен кездесіп, сол жерде 1945 жылдың мамырына дейін пулеметші болып соғысқа қатысуды жалғастырады.

Солдат кітапшасын алған соң, ол репрессиядан аман қалады. Сібір лагерінен құтылып, 1945 жылдың қазан айында демобилизацияланады.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Соғыстан кейінгі жылдары Латвиядағы "қызыл із кесушілер" оны тауып, партизан достарымен кездесу ұйымдастырады. Ол бірнеше рет Латвияда өткен ардагерлер слетіне қатысады.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Бұл оқиғаның ең әсерлі тұсы – оның жұбайы Бейкүт апа 1943 жылы күйеуінің қайтыс болғаны туралы қара қағаз алып, құдай тамақ берсе де, оны жерлемей, жүрегімен оның тірі екеніне сеніп, үмітін үзбей күтеді. 

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады
"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Өйткені ол К.Симоновтың "Күт мені" өлеңіндегі кейіпкер сияқты күтуді білді, - дейді депутат.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Сөйтіп 1945 жылдың тамызында Нөке Жартыбаев үйіне оралады.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады

Ұзақ жылдар бойы көріспегеннен кейінгі кездесуді, қуаныштан төгілген көз жастарын елестетіп көріңізші! Ол сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес... Сол уақытта олардың үш баласы бар еді, кейін тағы бес бала дүниеге келеді. Менің енем – соғыстан кейін туған тұңғыш қыздары, сондықтан да болар, ол отбасындағы ең қайсар әрі рухы мықты жан болды, - деді бізге оқиғаны баяндаған Сәуле Самидин.

"Өлгеніңе сенбеймін": Депутат көпшілікті жылатқан оқиғаны баяндады
Өзгелердің жаңалығы