Олардың жанқиярлық әрекеттері - полиция қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс - Тұрғымбаев

25 Қараша 2020, 20:01
1941
Бөлісу:
Олардың жанқиярлық әрекеттері - полиция қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс - Тұрғымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал орындап, адамдарға көмекке келуге дайын тұруы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осы жылдың өзінде ерлік жасаған қызметкерлер көп. Олардың еңбегі назардан тыс қалған жоқ. Тәуекелге барып, талай адамды құтқарғаны үшін 85 қызметкер мемлекеттік наградамен марапатталды. 288 қызметкер ведомствалық наградаларға ие болды. Бүгін ерлік көрсеткен қызметкерлердің бір парасы марапатталды - деп жазды министр.

4 қызметкер Мемлекет Басшысының жарлығымен «Халық алғысы» медалімен наградталды. 

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің үш инспекторы Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ведомствалық медалімен марапатталды. Бұл қызметкерлер 18 қараша күні жоғары қабаттан секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған 18 жасар бойжеткенді ажалдан құтқарып қалды. Бейбіт Байсеркин, Дарын Совет және Айбат Әкімжанов - бүгінгі заманның батырлары. Олардың өз бастарын бәйгеге тіккен, жанқиярлық әрекеттері - барлық полиция қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Өзгелердің жаңалығы