"Олар бар": Трамп НЛО құжаттарын жариялауды тапсырды 

Өзге планеталық өмір жайлы пікірталас америкалық медиада өткен демалыста АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама подкастқа қатысқаннан кейін күшейді.

 Фото: whitehouse.gov 20 Ақпан 2026, 13:03
20 Ақпан 2026, 13:03
698
Фото: Фото: whitehouse.gov

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық арнайы қызметтерге НЛО мен жерден тыс тіршілікке қатысты қолда бар деректерді жария ету туралы тапсырма бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өзге планеталық өмір жайлы пікірталас америкалық медиада өткен демалыста АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама подкастқа қатысқаннан кейін күшейді. Жүргізушінің «Жерден тыс өркениеттерге сенесіз бе?» деген сұрағына Обама «олар бар, бірақ мен оларды ешқашан көрген емеспін» деп жауап берген. Бұл пікір қоғам назарын аударды.

Кейін экс-президент Instagram парақшасында сұхбаттан үзінді жариялап, өз ұстанымын нақтылады.

Мен сұрақтарға тез жауап беруге тырыстым. Бірақ бұл мәселе көптің назарын аударғандықтан, түсіндіріп өтейін. Статистикалық тұрғыдан алғанда, Ғалам соншалықты орасан зор, сондықтан онда тіршіліктің болуы ықтимал. Алайда Күн жүйелері арасындағы қашықтық өте үлкен. Сондықтан бізге өзге планеталықтар келді деген ықтималдық төмен. Президент болған кезімде жерден тыс тіршілік иелерінің бізбен байланыс орнатқанына ешқандай дәлел көрген жоқпын. Шынымен! – деп жазды ол.

Осы жағдайға байланысты Дональд Трамп та пікір білдірді. Ол өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінде арнайы қызметтерге тиісті құжаттарды жариялау жөнінде тапсырма бергенін хабарлады.

Қоғам тарапынан зор қызығушылық танытылып отырғанын ескере отырып, Қорғаныс министріне және өзге де құзырлы ведомстволар мен агенттіктерге жерден тыс тіршілік, белгісіз әуе құбылыстары (НЛО) мен белгісіз ұшатын нысандарға қатысты, сондай-ақ осы аса күрделі, бірақ өте маңызды әрі қызықты мәселелерге байланысты үкіметтік құжаттарды анықтау және жариялау процесін бастауды тапсырамын. Құдай Американы жарылқасын! – деп жазды Трамп.

Наверх