Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел жастары білім алумен қатар өзінің әскери борышын ұмытпауы тиіс. Алайда өкінішке қарай бүгінгі жастың көбінің әскерге баруға ниеті жоқ. Бүгінгі подкаст жобамызда жастардың өзінен сұрап білдік.
Бүгінгі қоғамның ардагерлерге көзқарасы қандай? Екінші дүниежүзілік соғыс па әлде Ұлы Отан соғысы дегеніміз дұрыс па? Ұлы Отан соғысының маңызы мен алар орны. Әскерге барудың тиімділігі қандай? Енді мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру үшін әскери билет талап етіле ме? Бұл жүйе басқа елдерде қалай? Жастарды әскерге бару үшін қалай қызықтыру қажет? Әскери саланы дамыту үшін неден бастаған жөн?
Бүгінгі жобамызда Жас сарбаз әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Асхат Налшыбек және азаматтық белсенді Тұрсынбай Сардаровпен осы тақырыпта ой қозғадық.
Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.
Оқырманға ескерту: Жоба толықтай 360 градус камераға түсірілген, youtube-те өзіңізге ыңғайлы ракурста немесе арнайы көзілдірікпен көруіңізге болады.