Оқушылардың улануы. Тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылады – Даниал Ахметов

19 Наурыз 2021, 16:30
1822
Бөлісу:
Оқушылардың улануы. Тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылады – Даниал Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Ұлан ауданындағы Бозанбай орта мектебі оқушылары тамақтан уланып, 82 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген, олардың 36-сы Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жатқызылған. 

Кеше Ұлан ауданындағы Бозанбай орта мектебі оқушыларынан денсаулық жағдайларына байланысты жаппай шағым түсті. Балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, құсып, іштері өткен. Қазіргі таңда барлығы 82 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген, олардың 36-сы Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жатқызылды. Балалардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында. Алдын ала қойылған диагноз - жедел ішек инфекциясы, - деп жазды облысы басшысы Facebook-тегі парақшасында.

Кешеден бері ол жақта арнайы комиссия жұмыс істеуде, құрамында облыстың бас педиатры, эпидемиолог, инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары және аудан әкімі бар. Бүгін ауылға Білім және денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі департаментінің басшылары, сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары шықты.

Мектеп асханасында тамақтандыру ісі жалға алушы жеке кәсіпкермен ұйымдастырылған. ҚР ҚК 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әрине, бұл уәкілетті органдар тарапынан тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысын жүйелі бақылауға алмауларының салдары. Сондықтан, бүгін тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, барлық мектеп, мектепке дейінгі, сондай-ақ облыстың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелеріне тексеру ұйымдастырылады. Ата-аналарға тұрақты түрде жедел және нақты ақпарат беру туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, Ана мен бала орталығында емделіп жатқан балалар да ата-аналарымен телефон арқылы байланысқа шығып отырулары қажет, - деп жазыд Даниал Ахметов.

Кешеден бері мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді.

Ата-аналардан балалардың денсаулығына қатысты мәселе туындаған жағдайда дереу тиісті орындарға хабарлауды сұраймын. Бұл мәселе менің бақылауымда. Балаларға тезірек сауығып кетуін тілеймін, - деп жазды ол.


Өзгелердің жаңалығы