Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді

26 Наурыз 2021, 21:36
2134
Бөлісу:
Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен секірді. Елу офицер мен келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілер Д-1-5У парашютімен оқу-жаттықтыру секіруін орындады.

Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді

Ми-17 тікұшағы арқылы 800 метр биіктіктен жауынгер десанттар түсірілді.

Бұл қысқы мезгілінде орындалатындықтан күрделі саналады. Бұдан өзге, күрделі секіру түрлеріне түнгі уақытта секіру мен суға секіру түрлері жатады, - деді 68665 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Абай Әлібеков.

Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді

Барлаушы-оқшашаршы қатардағы жауынгер Айдын Тоқтаров үшін парашютпен алғаш рет секірген бұл сәт өмір бойы есте сақталады. Сонымен қоса, бұл Десанттық шабуылдау әскерлеріне берілген жолдама.

Қорқыныш болғаны рас, дегенмен оны жеңіп, алғашқы секіруді орындадым. Ең қорқынышты кезең – тікұшақтың бортынан секіріп, ашық аспанда қалықтаған кезең. Бұл сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп әскери қызметші алған әсерімен бөлісті.

Оқу-жаттығу. Десантшылар парашютпен секірді

Десанттық-шабуылдау бригадасы барлау қызметінің бастығы майор Әлібек Олжабаев жеке құрам күрделі жағдайда парашютпен секіруді орындау дағдыларын жетілдіріп, жүктелген міндеттерді орындауға дайын болуы маңызды екенін атап өтті.

Елордадағы десанттық шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері кәсіби шеберлік деңгейін арттырып, қалықтаған құстай әдемі жерлердің көз тартар әсемдігіне талай сүйсіне алады, себебі әр десантшы жас тобына қарай жылына кемінде алты рет секіруді орындайды.

Парашютпен секіру жауынгер десантшылар үшін даярлықтың ажырамас бөлігі іспеттес.  Алдағы уақытта әскери қызметшілер парашют жүйесінің құрылымы мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын, негізгі және резервтік парашюттерді түсіру тәртібін үйреніп, оқу-жаттықтыру бойынша секіру элементтерін пысықтаған соң, құрлықтағы тиісті дайындықтар басталады.

Өзгелердің жаңалығы