«ӨКМ операторының» қызметі мен қаржылық шығыны тексеріледі – министр

26 Қаңтар 2022, 11:48
1036
Бөлісу:
«ӨКМ операторының» қызметі мен қаржылық шығыны тексеріледі – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизация алымы туралы өткен брифингте айтты. 

Күні кеше МКК-де «ӨКМ операторын» мемлекет меншігіне беру тіркелді. Барлық есеп толық мемлекетке тапсырылғаны белгілі. Сома қомақты. Екінші деңгейлі банктердің өзінде 220 млрд теңге жатыр. Оның жартысы ұлттық валюта болса, жартысы шетелдік валютада сақталған. Тапсыру заңды түрде аяқталған соң біз аудит жүргіземіз. Әзірге оны кім жүргізіп, қашан басталатынын айта алмаймын. Бірақ «ӨКМ операторының» қызметі мен қаржылық шығыны бойынша тексеру жүргізіледі, - деді Брекешев. 

Министр осындай жоспар жүзеге асырылатынын жеткізді. 

Осыған дейін отырыста кәсіпкер Санжар Боқаев утилизация алымының тетіктерін сынаған болатын. 

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын хабарлады. 

 

Өзгелердің жаңалығы