«Өкінемін, кінәлімін»: Полиция қызметкерін жабылып ұрғандар кешірім сұрады

Полиция Қостанайда полиция қызметкерін соққыға жыққан күдіктілердің кешірім сұраған видеосын жариялады.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 14:57
Бүгiн 2026, 14:57
460
Фото: видеодан скриншот

Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрған бір топ жігіт кешірім сұрады.

Қостанай облысының полициясы күдіктілерді ұстау сәтінен кадрлар жариялады. Ұсталғандар зардап шеккен полицейден ғана емес, оның әріптестерінен де кешірім сұрады.

Мен жасаған қателігім үшін барлық полиция қызметкерінен кешірім сұраймын. Қатты өкінемін, өтінемін, мені кешіріңіздерші. Мен бұдан былай ешқашан мұндай әрекетке бармаймын. Өкінемін, кінәлімін, - дейді видеода ұсталғандар.

Полицейге шабуыл жасағандарды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бірден санкцияланған жоқ. Олар «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» бабы бойынша іс қайта сараланғаннан кейін тергеу изоляторына (СИЗО) жіберілді. Енді ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бір топ адамның полиция қызметкеріне шабуыл жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігі 4-тармағы бойынша сараланды, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қарастырады. Қостанай облыстық сотымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлады Қостанай прокуратурасы.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрғандар ұсталды

Одан кейін Қостанай прокуратурасы полицейге шабуыл жасағандарға қатысты мәлімдеме жасады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх