Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі жылы елімізде алғаш рет әлемдік деңгейдегі спорттық шара - Oceanman Almaty-Kapchagay 2021 өтеді. Бұл жарыс 2015 жылдан өткізіліп келе жатқан ауқымды шара.
Осыған дейін іс-шара Италия, Малайзия, Мексика, Түркия, Ресей, Греция, Франция, Украина, Швейцария, Таиланд, Кипр және Колумбияның ең әдемі су айдындарында өтті. Енді Қазақстан да бұл шерудің толыққанды қатысушысына айналды.
Қазақстанда қатысушыларға 4 қашықтық ұсынылады. 31 тамызда балаларға арналған 800 м жүзу және 1,5 км спринт жоспарланса, ал 1 тамызда 5 км (Half Oceanman) және 10 км (Oceanman) қашықтықты таңдағандар өз күштерін сынайды.
Мега-ивентті ішкі және шетелдік аудиторияға ілгерілету мақсатында Oceanman Қазақстан ұйымдастырушылары Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен келісімге қол қойды.
Мұндай іс-шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар туристердің назарын аударатын шара ретінде де тартымды. Жеке немесе көрермен ретінде қатысу мүмкіндігінен басқа, туристер бүкіл Алматы облысының туристік нысандарында көре алады. Бұл сіздің келесі жазда демалысыңызды жоспарлаудың тамаша мүмкіндігі, - деді Kazakh Tourism басқарушы директоры.
Осыған дейінгі шараларға қатысқан қазақстандықтар өз әсерімен бөлісті.
2019 жылы мен алғаш рет Испаниядағы Oceanman-ға қатыстым, және осы 10 км мені шабыттандырғаны соншалық – мұндай шара біздің елде де болуы тиіс деп ойладым. Қапшағай суы - жүзу үшін өте ыңғайлы (еуропалық старттармен салыстырғанда, ешқандай жануарлар кедергі етпейді) және бұл жерде Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда ауа райы болжамды. Қапшағай маңында логистика өте ыңғайлы. Ең маңыздысы – Алматы халықаралық әуежайы жақын орналасқан, себебі жүзуге қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар Мәскеу, Бангкок, Дели, Пекин, Шанхай қалаларынан келетін қатысушылар бар, - деді Oceanman Kazakhstan франшизасының иесі Ералы Уралов.
Айта кетейік, Oceanman – бұл жыл сайын чемпионатқа біріктірілген әлемнің әртүрлі нүктелеріндегі бірнеше жарыс. Қатысушы бір немесе бірнеше жүзуді таңдай алады. Әр маусымның соңында чемпионаттың финалы өтеді. Біліктілік жүйесіне сәйкес әрбір OCEANMAN және HALF OCEANMAN-нан алғашқы 10 әйел мен 10 ер адам автоматты түрде Oceanman Worldwide Championship финалына өтеді.