Түркістан облысында вирус жұқтырған адам Ақтауда вахталық қызметте болған

11 Сәуір 2020, 23:29
1670
Бөлісу:
Түркістан облысында вирус жұқтырған адам Ақтауда вахталық қызметте болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті.

Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген. 

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы  - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 8, Сарыағаш - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. 

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы